2015 жылғы 27 маусым, Астана қаласы
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 13-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Мыналарды күші жойылды деп танылсын:
1) «Реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 01 шілдедегі № 199-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 125/НҚ бірлескен бұйрығы (Норматівтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8616 тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы «Егемен Қазақстан» № 257 (28196) газетінде жарияланған);
2) «Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 01 шілдедегі № 200-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 05 шілдедегі № 126/НҚ бірлескен бұйрығы (Норматівтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8617 тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгілінген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он қүн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы
_____________________ С. Айтпаева
2015 жылғы 29 маусым
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 маусымдағы № 462 бұйрығына қосымша
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдармен (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес әзірленді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90332 тіркелген.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі –дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, оның ішінде табиғи монополия субъектілері және (немесе) реттелетін нарық субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) табиғи монополияға және реттелетін нарыққа қатысты қызмет көрсететін саладағы тәуекел – жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зардап келтіру мүмкіндігі;
3) тәуекел дәрежесін субъективті бағалау өлшемдері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) –тексерілетін нақты субъекті (объект) қызметінің нәтижесіне қарай тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесінің бағалау критерийлері;
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
3. Іріктеп тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.
4. Іріктеп тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексерулер және өзге бақылау мен қадағалау нысандары жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты қолданылады.
5. Іріктеп тексеруді жүргізу саны жыла бір реттен жиі болуға тиіс емес.
Талдау мен бағалау кезінде тексерілетін нақты субъектіге қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
6. Тәуекелдің дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлерін анықтау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:
1) уәкілетті орган және (немесе) басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін тексерілетін субъектілері ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда бұзушылық ауыртпалығының дәрежесі (өрескел, елеулі, шамалы ) белгіленетін алдыңғы тексерулер нәтижелері;
3) жеке және заңды тұлғалардың расталған (негізделген) шағымдары мен өтініштерінің бар болуы және саны;
4) интернет-ресурстар мен және бұқаралық ақпараттар құралдарын талдау;
7.Ақпарат көздерінің негізінде осы Критерийлерге 1-қосымша сәйкес табиғи монополиялар субъектілері үшін және 2-қосымшаға сәйкес реттелетін нарық субъектілері үшін субъективті критерийлер анықталған.
8. Өрескел бұзушылық деп Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзған жағдайда табиғи монополия субъектісі және (немесе) реттелетін нарық субъектісі негізсіз алған кіріс (түсім) танылады.
Өрескел бұзушылық анықталған кезде тексерілетін субъектіге тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші беріледі, бұл тексерілетін субъектіге қатысты тексеру жүргізуге негіз болып табылады.
Егер өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесін анықтау үшін елеулі және шамалы дәрежесі талаптарының (индикаторлардың) жиынтық көрсеткіші есептеледі.
9. Елеулі дәрежесінің бұзушылықтары көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7
мұндағы:
ΣРз – елеулі дәреже бұзушылықтарының көрсеткіші;
ΣР1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) қойылатын елеулі дәреже индикаторларының жалпы саны;
ΣР2 – елеулі дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.
Шамалы дәрежесінің бұзушылықтары көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3
мұндағы:
ΣРн – шамалы дәреже бұзушылықтарының көрсеткіші;
ΣР1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) қойылатын шамалы дәреже индикаторларының жалпы саны;
ΣР2 – шамалы дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейін шкала бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:
ΣР = ΣРз + ΣРн
мұндағы:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣРз – елеулі дәреже бұзушылықтарының көрсеткіші;
ΣРн – шамалы дәреже бұзушылықтарының көрсеткіші;
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект):
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болған кезде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілгенде – елеулі тәуекел дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде және оған қатысты жоспардан тыс тексерулер ғана жүргізілгенде – шамалы тәуекел дәрежесіне жатады.
10.Іріктеп тексерулер жүргізілетін талдау мен бағалау нәтижелері бойынша жарты жылға құрылатын іріктеп тексерулер тізімдерінің негізінде жүргізіледі, олар тиісті есепті жыл басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
11.Іріктеп тексерулердің тізімдері:
1) субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы;
2) мемлекеттік органның тексеру жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының жүктемесі ескеріле отырып жасалады.
Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне 1-қосымша
Табағи монополия субъектілеріне арналған субъективтік критерийлер
Талапты бұзушылық Бұзушылық ауыртпалығының дәрежесі
Тексерілетін субъектілердің ұсынылған есіптілік мен ақпарат нәтижесі бойынша мониторингі
1 Уәкілетті органның талап етуі бойынша қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынбау.
Шамалы
2 Тариф салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген жағдайда «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы ақпаратты ұсынбау. Шамалы
3 Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті Заңда белгіленген мерзімде ұсынбау. Шамалы
4 Тарифтік сметаны орындау туралы жыл сайынғы есепті Заңда белгіленген мерзімде ұсынбау. Шамалы
5 уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, Заңда белгіленген мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырмау. Шамалы
6 Уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төмендету туралы Заңда белгіленген мерзімде хабардар етпеу. Шамалы
Өңірлік электр желісі компаниясының көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығын
ары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты ұсынбауы. Шамалы
8 Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектiсiнің тиісті талапты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде экономикалық тұрғыдан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты жаңа тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей ұсынбау. Шамалы
Өткен тексерулердің нәтижелері бойынша
(ауыртпалық дәрежесі төменде санамаланған талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)
9 Тұтынушылардың назарына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi жеткiзу. Шамалы
10 Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс ету Шамалы
11 Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету кезінде табиғи мнополия субъектісінің Заңда белгіленген мерзімде осы қызметті көрсететіні туралы хабарлама жіберу. Маңызды
12 Табиғи монополия субъектiсiнiң (бұдан әрі - Субъект) өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ Заңға сәйкес Субъект үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болу. Маңызды
13 Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi үшiн Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларының (қатысу үлестерінің) болуы немесе олардың қызметiн өзге жолмен қатысуы. Маңызды
14 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдау (жалға беру). Маңызды
1
Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беру. Маңызды
16 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) немесе олардың шектi деңгейiне енгiзу. Маңызды
17 Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беру. Маңызды
18 Тарифтiк сметада қамтылатын, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тану. Маңызды
19 Неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттау. Маңызды
20 Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру. Маңызды
21 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу. Маңызды
22 Тарифтiк сметаны орындау. Маңызды
23 Уәкілетті орган бекіткен үлгі шарттарға сәйкес реттелiп көрс
тiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-
ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу. Маңызды
24 Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасу. Маңызды
25 Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде Субъект шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендету. Маңызды
26 Мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру. Маңызды
27 Субъектілердің реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердiң бөлек есебін жүргізу әдiстемесiн әзiрлеу және келісу. Маңызды
28 Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты қолда бар активтерді қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттау. Маңызды
29 Нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол беру. Маңызды
30 Нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендету. Маңызды
31 Уәкілетті органға Заңның 18-1-бабында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы қолдаухатты немесе алдын ала хабарламаны ұсыну. Маңызды
32 Өңірлік электр желісі компаниясының тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушының назарына Заңда белгіленген мерзімде жеткізуі. Маңызды
33 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтару. Маңызды
34 Субъектіні мемлекеттік қайта тіркеу, сондай-ақ оның қызметін тоқтатуды тіркеу туралы Субъектінің өтінішіне уәкілетті органның алдын ала келісімінің болуы. Маңызды
35 Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті лицензияның негізінде лицензиялануға жататын іс-әрекеттерді жүзеге асыру бөлігінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңын бұзу. Маңызды
36 Жаңадан құрылған Субъектілер үшін өтінімдерді қарауға Заңда белгіленген мерзімде оларды ұсыну. Маңызды
37 Теттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бойынша ұсыну . Маңызды
Жеке және заңды тұлғалардың расталған (негізді) шағымдары мен өтініштерінің болуы және саны
38 «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) рұқсат етілген, уәкілетті органнан алынған келісімнің негізінде өзге қызметтен басқа қызметтерді жүзеге асыруға салынған тыйымды сақтамау. Маңызды
39 Уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға салынған тыйымды сақтамау. Маңызды
40 Заңда көзделмеген қосымша ақы алу немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде тану жөнінде салынған тыйымды сақтамау. Маңызды
41 Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға салынған тыйымды сақтамау. Маңызды
42 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға салынған тыйымды сақтамау. Маңызды
43 Мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге салынған тыйымды сақтамау. Маңызды
44 Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге салынған тыйымды сақтамау. Маңызды
45 Тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге салынған тыйымды сақтамау. Маңызды
46 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынбау. Маңызды
47 Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) деңгейлерi бойынша ұсынбау. Маңызды
48 Тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алмау және оларды тұтынушыларға орнатпау. Маңызды
49 Есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алмау. Маңызды
50 Реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Маңызды
51 Заңның 7-бабының 3-1) тармақшасында көзделген жағдайды ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынбау. Маңызды
52 Тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын сақтамау. Маңызды
Ресми интернет-ресурстардың және бұқаралық ақпарат құралдарының талдау нәтижелері бойынша
53 Акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи монополия субъектісінің интернет -ресурсында орналастырып және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялап, табиғи монополия субъектілері үшін жыл сайынғы міндетті аудитті жүргізбеу. Маңызды
54 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастырмау. Маңызды
55. Тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) желілерінің өткізу қабілеттері, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар схемасының бар екендігі туралы ақпаратты орналастырмау. Маңызды
56 «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инженерлік коммуникациялар туралы мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында беруді қамтамасыз етпеу. Маңызды
57 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы негіздемелерімен және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, жыл сайын есеп беруді жүргізбеу. Маңызды
58 Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жарты жылда бір рет хабардар ету. Маңызды
Реттелетін нарықтар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне 2-қосымша
Реттелетін нарық субъетілеріне арналған субъективтік критерийлер
№ Талапты бұзушылық Бұзушылық ауыртпалығының дәрежесі
Тексерілетін субъектілердің ұсынылған есіптілік мен ақпарат нәтижесі бойынша мониторингі
1
Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсыну. Шамалы
2 Уәкілетті органға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты ұсыну. Шамалы
3 Реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау. Маңызды
4 Уәкілетті органға оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, реттелетін нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ұсыну. Маңызды
5 Уәкілетті органға, шекті бағада ескерілген, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдық ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей ұсыну. Маңызды
Өткен тексерулердің нәтижелері бойынша
( ауыртпалық дәрежесі төменде санамаланған талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)
6 Алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе уәкілетті органның электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде уәкілетті органды хабардар ету. Маңызды
7 Уәкілетті органға бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатураға енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты ұсыну. Маңызды
8 Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті лицензияның негізінде лицензиялануға жататын іс-әрекеттерді жүзеге асыру («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңны). Маңызды
9 Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін сақтауға. Маңызды
10 Алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару. Маңызды
Жеке және заңды тұлғалардың расталған (негізді) шағымдары мен өтініштерінің болуы және саны
11 Шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға уәкілетті орган мұндай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтару жөніндегі талапты сақтау. Маңызды
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11768 болып енгізілді.